Шерзаттың өлімі
Қоғам • 15 Қазан, 2024
Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қоғам назарын аударған Талғардағы қылмыстық оқиғаға байланысты Ішкі істер министрлігі тарапынан жүргізілген тергеу мен қабылданып жатқан шаралар жөнінде брифинг өтті. Брифингке Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, Ішкі істер министрлігі Тергеу департаменті басшысының орынбасары Самат Аисов қатысып, қылмыстық істің мән-жайы мен тергеу барысы туралы жан-жақты ақпарат берді, деп жазады Egemen.kz.