Шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.