Шойын жол
Аймақтар • 25 Мамыр, 2021
Сыр бойының өзге өңірлерден бір айырмашылығы Қызылорда қаласы мен жеті аудан да «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы мен таспадай тартылған темір жолдың бойында орналасқан. Облыс пен аудан орталықтарының дәл іргесінен Сырдария сылаңдай ағып жатыр. Бұл әрине жол-көлік логистикасын тиімді ұйымдастыруға әбден қолайлы. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін темір жол астынан өткел қалдырылып, кей жерлерде көпір салынған. Бірақ бәрінде ондай жағдай жоқ. Былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Шиелі кентінде темір жол үстінен көпір салынып, көп жылдарға созылған мәселе біржола шешімін тапты. Дәл қазір облыс бойынша өткелі жоқ жалғыз өңір Арал қаласы болып тұр.