Шыңжаң-Тарбағатай
Қоғам • 19 Қазан, 2021
Жуықта жолымыз түсіп елорданың ескі бөлігіндегі «Сапаржай» автобекеті маңында орналасқан «Қайырымдылық» орталығына бардық. Кіреберістегі қоршау – кеңсенің қасында бір топ адам тұр. Дені – жастар. Олар ортаға тасталған тілдей қағаздарды бір-бірден суырып әкетіп жатыр. Бұл қағаз-тізімде қалада тұратын жетім-жесір немесе жоқшылыққа тап болған кедей отбасылардың мекенжайы жазылып, оларға нендей көмек қажеттілігі көрсетіліпті. Мұнда жиналған қайырымды азаматтар қағазда жазылған тізім ішінен қолайлысын таңдап алып, шамасы келетін істерге тегін көмек жасауға талпынып жатқанына куә болдық.