Электрондық сауда операторлары
Заң • Бүгін, 10:27
Электрондық сауда операторларының қызметі заңнамалық деңгейде бекітілмек
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжат ұлттық заңнаманы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа енгізілетін түзетулерге сәйкес келтіруге бағытталған.