Эпидемиялық күрделі жағдай
Экология • 04 Қараша, 2025
Сарапшы: Қазақстан эпидемиялық күрделі жағдайдың алдында тұр
Елде медициналық қалдықтарды басқару мәселесі күннен-күнге өзекті бола түсті. Аурухана, зертхана мен клиникалардың саны көбейген сайын, медициналық қызметтердің көлемі артып, соған сай қауіпті қалдықтардың да мөлшері өсіп келеді. Алайда оларды қауіпсіз жинау, тасымалдау және жою ісі денсаулық сақтау жүйесіндегі ең осал тұстардың бірі болып қала береді.