Эталон
Руханият • 22 Желтоқсан, 2021
Менің алдымда әр жылдары жарыққа шыққан 12 кітап жатыр. Олар – «Неткен ғажап бұл әлем!», «Жанарымда туған жер», «Ашылмаған аралдар», «Сырымды саған айтамын», «Таңғажайып тағдырлар», «Ғұмырдария», «Рухы күштілер», «Бізге беймәлім бейнелер», «Өмірге таңдана қара!», «Елім менің ертегі», «Біртуарлар» және «Ұлылардың ұрпақтары» туындылары. Бұларға сұрыпталып отырып 220-ға жуық ғажап тағдыр иелері туралы портрет, диалог-очерк, эсселер мен туған жеріміздегі тылсым табиғат құпияларына қатысты 50-ге жуық тың дүние кірген. Кітаптардың аты айтып тұрғандай, олар жай ғана деректемелер емес, керісінше тамсанып «Апырай, ә, солай екен-ау», деп таңданатын немесе «Біз неғып байқамағанбыз, мынау өзі ғажап дүниелер ғой», деп қызыға оқитын, мол ақпарат беріп, бойыңа рухани бұлқыныс тудыратын дүниелер.