алғаш рет Ақтау порты арқылы
Аймақтар • 13 Ақпан, 2024
«ҚазАзот» өнімі алғаш рет Ақтау порты арқылы әлемдік нарыққа шығарылды
13 ақпан күні «ҚазАзот» зауыты өнімінің жөнелтілімі алғаш рет Каспий теңізі және Әзербайжан аумағындағы Говсан порты арқылы Грузиядағы Батуми теңіз портында ауыстырып тиеумен жүзеге асырылды. Сондай-ақ алдағы уақытта жергілікті жерде өндірілген аммиак селитрасы көлік-логистикалық тізбек нәтижесінде бүкіл әлем бойынша соңғы тұтынушыларға жөнелтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Қоғамдық Коммуникация орталығы «КазАзот» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.