астық егу
Қоғам • 16 Сәуір, 2021
Астық егу науқаны мамыр айының ортасында басталады
Бүгінгі таңда Алматы, Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында егін егу алдындағы дайындық жұмыстарымен қатар кейбір дақылдарды егу науқаны басталып кетті. Атап айтқанда, оңтүстікте 220 мың гектарға жуық дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар, 30 мың гектар көкөніс, 11 мың гектардан астам жерге картоп, 15,4 мың гектарға бақша дақылдары егілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.