ақ бұлттар
Әдебиет • 16 Наурыз, 2021
Іркес-тіркес жөңкіген ақша бұлттар арасында ұшып бара жатыр екен дейді. Қайда барады? Жерге қашан түседі? Пәндәуи тірлікпен күнде аралас-құралас жүрген ауылдастарына қашан қайтады? Бұл арасын ажыратып алуға ынтасы да, ықыласы да жоқ, өн бойын белгісіз бір көгілдір әлемге еніп кетсем-ау деген құштарлық билеген Ақтоты ақ торғындай осы жұмбақ әлемнен кері қайтқысы келмеді. Жанының сыңсыған күйі жүрегін беу-беулеткен бейнетті күндерінің барлығы осымен бітсе екен деп тілейді. Жеңілдеп қалыпты, тұла бойында өкініштің табы да, сызы да білінбейді. Тек бір ғана уайымы бар сияқты. Ол ненің уайымы?