бала бағу
Қоғам • 24 Наурыз, 2021
Немеремен байланыс әйелдердің өмірін ұзартады екен
Ғасырлар тезінен өткен қазақтың отбасылық институты құндылықтарына батыс елдері енді ден қоя бастағандай. Бірақ бізге қарапайым болып көрінген тасқа басылмаса да санамызда мөрленіп қалған заңдылықтардан батыс елдері хабарсыз тәрізді. Себебі Recreo Viral басылымы наурыз айындағы шығарылымында жасы жетпісті алқымдап қалған әйелдерге «немерелеріңізді күтуден шаршамаңыздар, бұл тек көтеріңкі көңіл-күй ғана емес, денсаулықтарыңызды жақсартып, өмірлеріңізді 10 жылға ұзартады» деп ақылын айтыпты, деп жазады Egemen.kz.