банк басшылары
Президент • 19 Қараша, 2021
Мемлекет басшысы қаржы секторының өкілдерімен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына жұмыс сапары қаржы секторының өкілдерімен кездесуден басталды. Мемлекет басшысының Алматыдағы резиденциясында өткен жиынға Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, мемлекеттік органдардың, ірі қаржы құрылымдары мен банктердің басшылары қатысты, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.