бас бапкер Толқын Қылышев
Бокс • 18 Қаңтар, 2024
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Алмас Манап өткен жылдың соңында Өзбекстан еліне іссапармен барып, көрші халықтың бокс бойынша ішкі чемпионатын тамашалап қайтты. Төрткүл дүниеде бұл спорт түрінен үзеңгілес қазақ-өзбек боксын әлем мойындап отыр. Мықтылар көшінде қатар тұрған қос ел боксшыларының айқасы тартысқа толы болып жүргені белгілі. Осы орайда Өзбекстан құрамасының бокстан бас бапкері Толқын Қылышев газетіміздің тілшісіне сұхбат беріп, спортшыларының бет алысын, екі ел боксының бүгінгі бағдарын талқы таразысына салды, деп жазады Egemen.kz.