бағдарлама
Бағдарламалар • 11 Тамыз, 2020
"7-20-25" бағдарламасы бойынша 20 мыңнан аса өтінім мақұлданды
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР Ұлттық Банікінің төрағасы Ерболат Досаев ҚР 2020 жылғы қаңтар-шілдедегі әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы баяндама жасады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Бағдарламалар • 23 Шілде, 2020
Елімізде "Еңбек" бағдарламасы қалай іске асырылуда?
Еліміздегі төтенше жағдай кезеңінде Президент Қ.Тоқаев халыққа экономиканы, шағын және орта бизнесті, қазіргі күрделі жағдайда барша ел тұрғындарын қолдауға бағытталған бірқатар нақты тапсырманы жолдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің Баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қазақстан • 01 Шілде, 2020
"Болашақ" стипендиясын тағайындауға байланысты өзгерістер енгізілді
Халықаралық шарттар аясында шетелде оқу үшін үміткерлерді іріктеудің барынша ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің тапсырмасына сәйкес "Шетелде, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына" бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл жөнінде халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 28 Маусым, 2020
"Бақытты отбасы" сертификатына кімдер үмітті?
Мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына тұрғын үй сертификаттарын беруге өтініштер қабылданып жатыр. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.
Қоғам • 18 Маусым, 2020
"Еңбек" бағдарламасына 224 мыңнан астам адам қатысты
1 маусымдағы жағдай бойынша 224,7 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 184 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның 99 мыңы – тұрақты жұмысқа орналастырылды, - деп хабарлады ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.
Қоғам • 16 Маусым, 2020
6,5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адам "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2020 жылғы қаңтар-мамыр айларында 6,5 мың мүгедектігі бар адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар құрамына қосылды, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 2 мыңға жуық адам, уақытша жұмысқа – 4,5 мың адам орналастырылды, - деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Білім • 15 Маусым, 2020
Атырауда 3000-нан астам түлек диплом алады
Жақында үш жоғары оқу орнын бітірген 3 мыңнан астам түлек диплом алғалы отыр. Олар 11 факультетте білім нәрімен сусындап, 79 мамандықтың иесі атанды, деп жазады Egemen.kz