
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары ұсынған мәліметке сүйенер болсақ, биыл "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында "Жастар тәжірибесіне" 1 140 адамды жіберу көзделіпті. Былтыр осы жобаға тартылған 1 325 түлектің 60 пайызы тұрақты жұмысқа орналасыпты.