болашақ дәрігерлер
Аймақтар • 03 Шілде, 2020
COVID-19-бен күреске университет пен колледж түлектері жұмылдырылады
Елордада COVID-пен күреске медициналық университет пен колледждің 536 түлегі жұмылдырылады. Елорда әкімі Алтай Көлгінов медициналық оқу орындарының ректорларымен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін талқылады. Мәселен, түлектерді емханалар мен ауруханаларға, стационарлар және жедел жәрдем станцияларына бөледі. Түлектердің бірқатары 3 шілдеден бастап жұмысқа кіріседі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz