бітімгершілік
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022
Қазақстаннан ҰҚШҰ бітімгерлерінің 10 ұшағы ұшып кетті
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар нысандарды қорғау бойынша міндеттерді орындаған ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері құрамындағы Беларусь бөлімшелері Қазақстаннан ұшып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Қазан, 2020
Мемлекет басшысының кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзі
Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешенді бітімгершілік оқу-жаттығу жиынында сөйлеген сөзін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 05 Тамыз, 2020
Бейруттегі жарылыс бойынша Сыртқы істер министрі түсініктеме берді
Бейруттегі жарылыс бойынша ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді түсініктеме берді, - деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 04 Тамыз, 2020
Миссия орындалды: үшінші бітімшерлік рота елге оралды
Бітімгершілік миссияға жіберілген әскери қызметшілерді десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, әскери бөлім командирлері мен қазақстандық бітімгерлік полкінің жеке құрамы қарсы алды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады, - деп жазады Egemen.kz Алдыңғы топтар секілді еліміздің үшінші бітімгершілік құрамына да сегіз ай уақыт аралығында Ливандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Олардың миссиясын орындау кезеңінде қабылдаушы елде әскери-саяси, экономикалық жағдайы күрделі болды, әлемде «COVID-19» коронавирустық инфекциясының тез таралуы байқалды, бірақ біздің әскери қызметшілер қойылған тапсырманы орындады. «ҚР Қарулы Күштерінің контингентімен бітімгершілік миссияны орындау еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін нығайту жолындағы маңызы зор. Сіздер жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейін көрсетіп, өз міндеттеріңізді адал атқардыңыздар», - деп атап өтті десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысының бірінші орыбасары - штаб бастығы полковник Бауыржан Артықов. Ол «бітімгершілік күштердің жаңа, төртінші контингенті Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшісі деген атын асқақтататынына» сенім білдірді. Үнді бітімгершілік батальоны құрамындағы қазақстандық әскерилер өздерін жауапты мамандар ретінде көрсете білді. Миссия басшылығы, шетелдік әріптестер мен бақылаушылар олардың кәсіби қызметіне жоғары баға берді және әлемдік қоғамдастықта лайықты беделдері бар екенін растады. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының БҰҰ бітімгершілік қызметіне қатысуы еліміздің халықаралық деңгейдегі сыртқы саясат қызметінің маңызды саласы болып табылады. Жарияланған күні 04 тамыз 2020 Қызмет бағыты Бітімгершілік операцияларына қатысу Жаңалықтарға жазылу