бұрынғы әскери
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2022
Бұрынғы әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй пайдалануға берілді
Қорғаныс министрлігі запасқа шығарылған және жабық әскери қалашықтарда тұратын әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселелерін шешуді жалғастырып келеді. Алматы өңірлік гарнизонының аудандық пайдалану бөлімінде Қарулы Күштер Әскери инфрақұрылым бас басқармасының өкілдері бұрынғы әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кезекті кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.