елікке оқ атқандар
Аймақтар • 23 Маусым, 2020
Солтүстік Қазақстанда елікке оқ атқандар ұсталды
Жуырда ен даланың еркесін көзі қиып атқандар рейдке шыққан табиғат қорғаушы полиция мен орман шаруашылығы қызметкерлерін көріп, жүре алмай көліктерін тастап, өздері орманға қашқан. Оқиға Шал ақын ауданының Минеевка ауылы маңындағы орманда болған. Машинадан екі мылтық және атып алған еліктің еті табылды. Полицейлер орманда қалдырылған "Лада" көлігінің иесі 31 жастағы Ортақкөл ауылының тұрғыны екендігін анықтады, - деп жазады Egemen.kz