ерекше қажеттіліктері бар азаматтар
Қоғам • 13 Мамыр, 2025
Биыл 15 мыңға жуық мүгедектігі бар адам жұмысқа орналасқан
Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың еңбекке араласуын қолдау бойынша кешенді шаралар жүргізіліп келеді. 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің әртүрлі шараларымен 14,9 мыңнан астам мүгедектігі бар адам қамтылған. Жалпы бүгінгі таңда ерекше қажеттіліктері бар 108,9 мың адам жұмысқа орналасқан, бұл барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтардың 28,9%-ын құрайды, деп хабарлайды Egemen.kz.