ересектер арасында
Спорт • 10 Маусым, 2025
Пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ
Пауэрлифтингтің классикалық және арнайы киім киіп көтеру деген екі түрі бар. Бұл спорт түрі олимпиадалық ойындардың тізіміне әлі енгізілмегенімен, Халықаралық Олимпиада Комитеті ұйымдастыратын Дүниежүзілік ойындарда ұсынылған. Аталған спорт түрі бойынша жыл сайын әлем чемпионаттары өтіп тұрады, оны Халықаралық пауэрлифтинг федерациясы ұйымдастырады. Пауэрлифтингтен ересектер арасындағы Тәуелсіз Қазақстанның спорт тарихында алғашқы Әлем чемпионы Алексей Сивоконь екені белгілі. Ал Әлем чемпионатында топ жарған алғашқы қазақ Абдулкарим Қараман туралы біреу білсе, біреу білмейді.