еске алу күні
Президент • 31 Мамыр, 2024
Біз өткен замандағы қасіретті оқиғалардан тағылым алуымыз керек - Президент
Мемлекет басшысы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 31 Мамыр, 2024
Бүгін – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Осы аталған күнге орай жыл сайынғы үндеулерінің бірінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгін біз ұжымдастыру жылдарында аштыққа ұшырағандарды, сондай-ақ туған жерінен кетуге мәжбүр болғандарды да еске аламыз. Сол жылдардағы орасан зор адам шығыны мен тағдыр тауқыметі әрбір азаматтың жүрегіне жара салды. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналды. Ата-бабаларымыздан дарыған қайсарлық пен төзімділіктің арқасында қатаң сыннан абыроймен өтіп, біртұтас ұлт ретінде бірігуге мүмкіндік алдық», деп атап өткен еді. Аталған жылдарды еске алып, тарихымызға тәу етіп, бүгінгі арқалаған аманат пен ертеңгі келешектің мән-маңызын ұғыну әрбір отандасымыздың басты міндеті.
Қаржы • 31 Мамыр, 2023
Саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиардтан астам жәрдемақы беріледі
Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленеді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.