еске алу шарасы
Аймақтар • 13 Маусым, 2025
Биыл Ақтөбеде орын алған жантүршігерлік террорлық шабуылдың орын алғанына 9 жыл толды. Алматы қаласындағы Кеңес Одағының Батыры, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлы атындағы 5571 әскери бөлімінде тағылымы терең еске алу іс-шарасы өтті. «Мәңгілік сапта» атауымен ұйымдастырылған бір күндік акция Ақтөбедегі террорлық шабуыл кезінде қызметтік борышын атқарып жүріп қаза тапқан 6655 әскери бөлімнің әскери қызметшілерін еске алуға арналды, деп жазады Egemen.kz.