жауынгер сүйегі табылды
Тарих • 24 Шілде, 2023
Ресейдің Смоленск облысында қазақстандық жауынгердің сүйегі табылды
Бұл туралы хабар БҚО Ақсай қаласы әкімдігінің Facebook парақшасында жарияланған. Ресейдің Смоленск облысында бейіттен сүйектер шығару жұмыстары барысында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан 1902 жылы туған Урнасай Мирасовтың сүйегі анықталды. Қазақстанда туған жауынгердің жеке заттарын табыстау үшін туыстары іздестірілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.