жаңа қаржылық мәдениет
Елорда • 01 Наурыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қоғамда жаңа қаржылық мәдениет қалыптасып келеді
«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының аралық қорытындысын шығарды. Биыл қаңтар-ақпан айларында ел аумағындағы 15 мың отандасымыз қаржылық сауатын арттырып, оқыту курсынан өтті. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқан 100-ден астам әйел бүгін Алғыс айту күні және алдағы 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанада арнайы бас қосып, қарыздан құтылудың, отбасы табысын арттырудың тәжірибесін бөлісті.