жеке үйлердегі өрт
Қоғам • 16 Қаңтар, 2026
Жеке үйлердегі өрт: Қауіп қайдан төнеді?
Биылғы жылыту маусымы басталғалы елімізде 1 889 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда 12 пайызға аз болғанмен, қызыл жалыннан келетін қауіп сейілген жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Асқар Төлешевтің айтуынша, 2024 жылы өрт 101 адамның өмірін қиса, 2025 жылдың 1 қазанында басталған биылғы жылыту маусымында 87 адам қызыл жалын салдарынан ажал құшқан, деп жазады Egemen.kz.