жетінші маусым
Руханият • 08 Шілде, 2020
"Астана Опера" театрының жетінші маусымы жарқын әрі есте қаларлық премьералар мен халықаралық жобаларға толы болды. Өкінішке қарай, маусымның нағыз қызған шағында коронавирус салдарынан көп жұмыс кейінге шегеріліп, сахналық қойылымдар мен концерттік бағдарламаларды онлайн-режімде көрсетуге тура келді. Бірқатар премьералар, атап айтқанда,Г.Доницеттидің "Дон Паскуале", "Махаббат сусыны" опералары, Т.Қажығалиевтің музыкасына жазылған "Дала үні" балетінің өтетін күндері алдағы сегізінші маусымға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.