жол секторы
Қазақстан • 18 Қараша, 2022
Еліміздің жол секторы цифрландырылады
Қазақстанда құрылыс саласын e-Qurylys цифрлы жүйесі арқылы қарқындатып, жұмыс тиімділігін арттыру жоспарланып отыр. Бұл туралы AMANAT партиясында өткен Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес жанындағы Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетінің кезектен тыс отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.