жоспарға алынды
Қоғам • 11 Сәуір, 2024
Қ.Сатыбалды ісі бойынша мемлекетке тағы 50 млрд теңге қайтарылады
11 сәуірде Қ.Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі қарау шеңберінде сот (ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы) прокурордың өтініші бойынша заңсыз сатып алынған активтерді қайтару жөніндегі рәсімдерді орындау қажеттілігіне байланысты процестік келісім жасасу үшін қосымша мерзім беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Antikor-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.