жылу желілерін жылыту
Үкімет • 02 Шілде, 2025
Павлодар мен Екібастұздың жылу желілері жөнделеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Павлодар облысында инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Осы мақсатта Үкімет резервінен Павлодар және Екібастұз қалаларындағы жылу желілерін жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін шамамен 3,8 миллиард теңге бөлінді. Қаражат бөлу туралы тиісті қаулыға Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.