жұмыс орындары ашылады
Қоғам • 05 Ақпан, 2025
Темір жол саласында 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Болашақта Қазақстан Еуразия континентінің маңызды көлік торабы болуы керек. Бұған қол жеткізу үшін теміржол инфрақұрылымын дамытуды және отандық машина жасау салаларын жаңғыртуды жалғастыру қажет», деген еді. 2024 жыл темір жол машина жасау саласындағы отандық зауыттар үшін өндіріс көлемі бойынша рекордтық жыл болды: 124 локомотив, 2 565 жүк және 122 жолаушы вагоны. Өндіріс көлемінің артуы жылжымалы құрамды жаңартуға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.