залалды бағалау нәтижесін оң қабылдап отыр
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.