заманауи білім ошақтары
Мектеп • 16 Шілде, 2025
200 мыңнан астам бала Келешек мектептерінде оқып жатыр
Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба – ел болашағына жасалған инвестиция, яғни әрбір бала заманауи, жайлы әрі шабыттандыратын ортада білім алуға мүмкіндік алады. Жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған. Бүгінде 122 мектеп құрылысының аяқталуы нәтижесінде 200 мыңнан астам оқушы қамтылып отыр, деп жазады Egemen.kz.