зардап шеккендерге көмек жалғасады
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Тасқыннан зардап шеккендерге көмек көрсету жалғасады
Қазіргі таңда еліміз соңғы 80 жылдағы ең үлкен су тасқынына тап болып отыр. Соның салдарынан алпыстан аса елді мекен сыртқы қатынаспен байланысын үзген. Әсіресе, батыс, шығыс және солтүстік өңірлеріндегі жағдай қиындап барады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне қарағанда, соңғы екі күнде су басқан аумақтардан 80 мыңға жуық адам эвакуацияланып, 4000 мыңнан астам тұрғын үй мен 500-ге тарта аула аумағы су астында қалған.