заңсыз әкелінген жұмыртқа
Қоғам • Кеше
Шымкентте Ресейден заңсыз әкелінген 11,8 мың жұмыртқа жойылды
Шымкент қаласында Ресейден заңсыз әкелінген тауық жұмыртқаларының ірі партиясын сату әрекетінің жолы кесілді. Заң бұзушылық Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, Шымкент қаласының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қазақстан құс өсірушілер одағының бірлескен жұмысы барысында анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz