инфляция
ЖОЛДАУ • 08 Қыркүйек, 2025
Президент халық табысын жеп жатқан жоғары инфляция туралы айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі негізгі мәселе - жоғары инфляция екенін атап өтіп, Үкімет пен Ұлттық банкке осы мәселе бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Тамыз, 2025
Шілде айында азық-түлік бағасы тұрақтанды ма?
Үкіметте шілде айындағы инфляция және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағаларының динамикасы қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Инфляция • 01 Шілде, 2025
Маусым айында елдегі инфляция деңгейі баяулады
2025 жылғы маусымда елдегі инфляция деңгейі біршама баяулап, тұтыну бағаларының айлық индексі 0,8%-ды құрады. Бұл мамыр айындағы көрсеткіштен (0,9%) төмен. Азық-түлік пен кейбір қызмет түрлеріне баға арзандағанымен, басқа бірқатар тауарлар мен қызмет көрсету саласында бағаның өсуі байқалды. Жылдық инфляция деңгейі 11,8%-ға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 02 Маусым, 2025
Мамыр айында тарифтер инфляцияға қалай әсер етті?
Ұлттық статистика бюросының 2025 жылғы мамырдағы ресми мәліметтері бойынша, жылдық инфляция азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының маусымдық өсуіне байланысты артқан. Аталған баға өзгерістері уақытша сипатқа ие болып, алдағы айларда бағаның төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Маусым, 2025
Нарықты тұрақтандыру: көкөністер арзандады, инфляция бақылауда тұр
Биыл мамыр айында тұтыну бағаларының айлық индексі баяулай түсіп, 0,9% құрады (сәуірде-1,2%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,3%, азық-түлік тауарлары – 0,9%, азық-түлік емес тауарлар 0,6% өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 19 Мамыр, 2025
Ең жоғарғы жылдық инфляция Астана қаласында тіркелді
2025 жылыдың сәуір айында Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеп 10,7 % (наурызда – 10,0%) болды. Осылайша жылдық инфляция қарқыны еліміздің 18 өңірінде байқалады. 1 өңірде баяулап, тағы 1 өңірде бұрынғы деңгейде сақталды, деп хабарлайды iEgemen.kz.
Экономика • 07 Сәуір, 2025
Сарапшылар қымбатшылықтың артатынын болжады
Ұлттық банктің сарапшылары арасында жүргізген макроэкономикалық сауалнамасының нәтижелері Қазақстан экономикасына қатысты бірқатар маңызды болжамдарды ұсынды. Сарапшылар экономикалық өсімнің баяулауы және инфляцияның жоғарылауы мүмкін екендігіне алаңдаулы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 04 Наурыз, 2025
Елімізде инфляция деңгейі ақпанда 9,4 пайызға жетті
Баға тағы да өсті. Ақпандағы инфляция деңгейі 9,4 пайыз болды. Ақылы қызметтер бір жыл ішінде 14,1 процент, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 8,7 пайыз қымбаттаған, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі.
Экономика • 21 Ақпан, 2025
Инфляция 8,9% -ға дейін жеделдеді
Ұлттық банк жариялаған деректерге сәйкес 2025 жылғы қаңтарда инфляция жылдық көрсетуде 8,9% -ға дейін жеделдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 10 Ақпан, 2025
Ел азаматтарының орташа жалақы мөлшері белгілі болды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ел азаматтарының 2024 жылдың соңындағы орташа жалақысы - 434 982 теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.
Шаруашылық • 10 Желтоқсан, 2024
Азық-түлік инфляциясын тежеу үшін аймақтарда көкөніс қорлары пайдаланыла бастады
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметтегі кеңесте 11 айдағы инфляция қорытындылары мен 2024 жылғы болжамдар қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Қараша, 2024
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді
Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 04 Қараша, 2024
Үкіметте инфляцияны тежеу шаралары талқыланды
Вице-премьер Серік Жұманғарин сенбі күні инфляция мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді. Үкіметтің негізгі міндеті – 8%-дан аспайтын инфляция дәлізіне кіру. 10 айдағы деректерді және инфляция индексінің негізгі құрамдас бөліктері – ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бойынша баға жағдайын дамыту перспективаларын ескере отырып, Үкімет жылдық инфляцияны тежеу үшін ықтимал шараларды қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 16 Тамыз, 2024
Қазақстанда айлық инфляция 0,7%-ға өсті
Елде жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды. Жылдық инфляцияның екпіні 14 өңірде тіркелді, 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 29 Тамыз, 2023
Алдағы 5 жылда ел экономикасының орташа жылдық өсімі 5,8%-ға жетеді
Үкімет отырысында Қазақстанның 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы, сондай-ақ республикалық бюджеттің және Ұлттық қордан 2024-2026 жылдарға арналған трансферттердің параметрлері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 01 Тамыз, 2023
Қазақстанда азық-түлік 13,5%-ға қымбаттады
Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 16 Мамыр, 2023
Еуроаймақта инфляция 7%-ға жетті
Сәуір айында еуроаймақтағы инфляция қайта өсті. Қымбатшылық әсіресе азық-түлік секторында байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 26 Сәуір, 2023
Үкімет басшысы жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендетуді тапсырды
Премьер-министр негізгі мақсат жыл соңына дейін инфляцияны 2 есе төмендету екенін атап өтті. Осыған байланысты мемлекеттік органның әрбір жауапты басшысына кешенді жоспардың іс-шараларын сапалы орындауға бар күш-жігерін салуды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 25 Сәуір, 2023
Инфляцияны тежеу үшін қандай шаралар қабылданады?
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Премьер-министрге инфляцияны бақылау және төмендету бойынша қандай шараларды жүзеге асырып жатқаны туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Несие • 19 Сәуір, 2023
Несие пайда әкелетін бизнеске берілуі қажет - Мемлекет басшысы
Несиені, ең алдымен, пайда әкелетін бизнеске, яғни тиімді жобаларға беру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Сәуір, 2023
Қазақстанда жылдық инфляция 18,1%-ға дейін баяулады
Қазақстанда Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-шараларын жүзеге асыру нәтижесінде инфляция өсімі баяулады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 19 Наурыз, 2023
«Нәтижеге мүлдем риза емеспін»: Жұманғарин инфляцияны тежеу жұмыстары туралы
Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин инфляцияның жаңа кезеңі жайлы түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфляция • 14 Наурыз, 2023
Инфляция деңгейі төмендеп барады - Ұлттық банк
Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыз айында ең жоғары мәнге жеткен соң біртіндеп төмендеп барады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Наурыз, 2023
Қазақстанда пияз бен қызанақ қымбаттады
Ақпан айында бағаның өсуі 1,3 пайызды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz Статистика бюросына сілтеме жасап.
Қоғам • 16 Ақпан, 2023
«Пиязды қаптап сатып алудың қажеті жоқ»: Жұманғарин халықты дүрбелеңге салынбауға шақырды
16 ақпанда өткен Сенат отырысында Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин елдегі инфляцияны тежеу мақсатында қабылданып жатқан шаралар жайын тарқатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 07 Ақпан, 2023
Үкімет басшысы пияз бағасын тұрақтандыруды тапсырды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандырудың жаңа тәсілдері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 01 Ақпан, 2023
Қазақстандағы инфляция өсімі бойынша Астана көш бастап тұр
Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту жөніндегі кеңес отырысында қаланың өте өзекті мәселесінің бірі ретінде инфляцияның жоғары болуын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Қаңтар, 2023
Солтүстік Қазақстан облысында инфляция деңгейі өсті
Өткен жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында инфляция 20,6 пайызды құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 06 Қаңтар, 2023
Биыл ЖОО-ларда оқу ақысы қымбаттай ма?
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу ақысын көтеру мәселесіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 24 Желтоқсан, 2022
Жыл басынан бері азық-түлік 22,3%-ға қымбаттаған
Бүгін Үкіметтің цифрлық кеңсесінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу (ӘМАТ) мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.