киіктерді қорғау
Экология • 15 Сәуір, 2021
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
15 сәуір мен 15 мамыры аралығында еліміздің 12 облысында кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы өтеді. Іс-шараның бастамашылары Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Тараптар ««Киік» табиғатты қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.