күрес күшейтілді
Үкімет • 16 Сәуір, 2024
Үкімет тасқынға қарсы күрес қарқынын арттырды
Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бүгінгі таңда апатты-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.