көгілдір отыр
Аймақтар • 04 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда алғашқы әлеуметтік нысандар көгілдір отынға қосылды
Нұр-Сұлтан қаласында табиғи газ беріліп, алғашқы әлеуметтік нысандар мен жеке тұрғын үйлер қосылды. Көктал-1 тұрғын үй алабында "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, №29 мектеп және бірқатар жеке үйлер газға қосылды. Техникалық қосылу газ тарату желілерінің жеке үйлер мен ғимараттарды газға қосуға дайын екендігін көрсетті. Басқа тұтынушыларды қосу рәсімі іске қосу-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жалғасады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz