мандарин
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023
Қазақстанға мандарин қайдан әкелінеді?
Мандарин - жұртшылық жадында жаңа жылмен ассоциацияланатын жеміс. Мерекелік дастарханды мандаринсіз елестете алмайтындар да табылады. Жаңа жыл таяғанда мандарин бағасының шарықтауы да осы себептен болса керек. Біздің елде өсірілмесе де мандаринді жыл он екі ай тұтынып жүруіміз импортпен байланысты. «С» дәруменіне бай Мандарин қай елдерден әкелінеді? Мемлекеттік кірістер комитеті дәмді цитрус және экзотикалық жемістердің импортына қатысты қызықты статистиканы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.