машина жасау салалары
Өндіріс • Бүгін, 13:39
Олжас Бектенов машина жасау салаларының дамуымен танысты
Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы кәсіпорындарында металлургия, жеңіл және құрылыс өнеркәсібі, автомобиль және теміржол машинасын жасау салаларының дамуымен танысты. Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру және басым салалардағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларының орындалуы тексерілді, деп хабарлайды Egemen.kz.