мақала жазу
Таным • 13 Наурыз, 2025
Қазақ тілі интернет тіліне айналса игі
Бүгінде тілді заман тынысына сай дамытудың бір ұшы ана тіліміздің ғаламтордағы айдынын кеңейтуге байланады. Тұрмысымызбен тұтасып кеткен интернетте қазақ тілінің көсегесін көгерту - оны ғылым тіліне айналдыру салмағымен шамалас. Онлайн оқу оң бағыт алған тұста ондағы ақпараттың анық, мазмұнды әрі сауатты болуы қолданушы тілін тазартпай тұрмайды. Ана тіліміздің заманауи қолданысқа сай мәртебесін көтеруді көздесек интернеттегі қазақ тілінің тегеурінін күшейту туралы айтудың өзі артық. Ал интернеттен ақпарат іздесек, алдымен, алдымызға Wikipedia сайтының дерегі ұсынылады. Уикипедия – әлем тілдерінің ғаламтордағы төлқұжаты. Осы кеңістіктегі қазақ тілінің үлесін тек тіл мамандары ғана емес қарапайым қолданушылар да толтыруға қауқарлы, деп жазады Egemen.kz.