мейіргерлер күні
Медицина • 12 Мамыр, 2025
Мейіргерлер мәртебесі биіктейтін күн
12 мамыр күні Қазақстан және әлемнің 141 елі мейіргерлердің кәсіби мерекесін атап өтеді. Науқастың алдынан алдымен шығатын мейіргерлер өмір мен өлім арасындағы нәзік шепте қызметін атқарады. Тәуліктік ауысымдарда емімен дем беріп, қолдауымен науқастың халін жақсартуда жан аямайтындардың еңбегін тек мамандық қалыбында мөлшерлеу өлшемге сыймайды, бұл еңбек адамдық сезіммен астасып жатады, деп жазады Egemen.kz.