музейге барды
Президент • 19 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания музейіне барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейін аралап көрді. Мемлекет басшысын аталған нысанда ханзада Әли бен әл-Хусейн, Иордания музейі Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары, ханшайым Сумайя бинт Хасан мен музей директоры Ихаб Амарин қарсы алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.