науқастарға арналған төсек-орын
Аймақтар • 09 Шілде, 2020
Нұр-Сұлтанда инфекциялық төсек-орын саны 4 есеге артты
Нұр-Сұлтанда пандемия басталғалы инфекциялық төсек-орын саны 1 мыңнан 3 мың 700-ге дейін артты. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 13-ке дейін өсті. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. № 1 көп бейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдықталған. "Ramada Plaza" қонақ үйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады, - деп жазады Egemen.kz