онлайн отырыс
Үкімет • 27 Тамыз, 2020
Роман Скляр ірі неміс компанияларының басшыларымен онлайн-кездесу өткізді
Іс-шара жер қойнауын пайдалану және геология саласындағы Қазақстан-Германия ынтымақтастығын тереңдетуге арналған. Онлайн-кездесуге Германияның 100-ден астам жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері қатысты, олардың ішінде Volkswagen, Siemens, Linde, Schaeffler, Knauf, Lufthansa, SMS group, DMT және т. б. бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне Egemen.kz сілтеме жасай отырып хабарлайды.