ортақ тасымал жүйесі
Қазақстан • 06 Маусым, 2025
Қазақстан мен Қытай бірлескен тасымал жүйесін құрады
4 маусымда Алматыда «Қытай (Шаньдун) – Қазақстан» сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі конференция өтті. Екі елдің билік, бизнес және инвестициялық құрылым өкілдері қатысқан іс-шара барысында Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова Қытай делегациясының басшысы – Шаньдун провинциясы губернаторының орынбасары Сун Цзюньцзимен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.