осы аптаның соңына дейін аяқталады
Үкімет • 17 Сәуір, 2024
Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға апта соңына дейін өтемақы төленеді
Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиында қаржы министрі Мәди Такиев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың баяндамалары тыңдалды. Зардап шеккен 3 561 отбасына жоғалған мүлкі үшін 100 АЕК мөлшерінде біржолғы өтемақы түрінде шамамен 1 млрд теңге төленген екен. Зардап шеккендерге өтемақы төлеу процесі осы аптаның соңына дейін аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.