рухани құндылықтар
Руханият • 02 Наурыз, 2026
Ғылым мен дінді қатар ұстаған Әйіп қажы
Әйіп қажы Бекенұлы – қазақ қоғамында руханиятты насихаттауға, имандылық құндылықтарды дәріптеуге үлес қосқан танымал дін қайраткерлерінің бірі. Ол өзінің өмір жолында діни білім мен ұлттық дәстүрді ұштастыра отырып, ел ішінде ағартушылық қызметімен ерекшеленген. Жинаған білімін ел игілігіне жұмсап, мешіттерде имамдық қызмет атқарып, халыққа діни бағыт-бағдар беруге күш салған тұлға.