саяси диалогы іске қосылды
Саясат • 16 Шілде, 2020
"Орталық Азия - Қытай" саяси диалогы іске қосылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді "Орталық Азия - Қытай" жоғары деңгейдегі бірінші отырысына қатысты. Бейнеконференцияға сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволарының басшылары қатысты. Бұл туралы Egemen.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.